Мемлекет мұқтажы үшін меншікті мәжбүрлі сатып алу
Мемлекет мұқтажы үшін меншікті мәжбүрлі түрде сатып алу – бұл мемлекеттік немесе басқа мемлекеттік органның жеке тұлғалардан немесе ұйымдардан мүлікті, құрал-жабдықтарды немесе басқа ресурстарды қоғамның мүддесі үшін, мысалы, жол, әуежай және т.б. салу үшін алу процесі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабында мүлiктi мемлекет мұқтажы үшiн иелiктен шығару заңда көзделген ерекше жағдайларда ғана оның баламалы өтемiнiң мiндеттi шарты сақталған кезде жүзеге асырылатыны белгiленген. Жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін алып қою заңнамалық актілерде көзделген және оның иесінің ниетіне қарамастан жүзеге асырылады.
Меншік иелерінен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін өтемді алып қою заңды және жеке тұлғалардың құқықтарын тоқтатудың негізгі қағидаты болып табылады. Жер учаскелерін алып қоюдың тәртібі мен механизмі, оның бағасын анықтау азаматтық, тұрғын үй, жер заңнамасының нормаларында, сондай-ақ бірқатар басқа да нормативтік құқықтық актілерде көрсетілен
Жер учаскелерінің меншік иелеріне Жер кодексінің 87-бабына сәйкес мөлшері, төлем нысандары және төлеу мерзімдері «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңның 6-тарауында айқындалатын жер учаскесінің құнын өтеуге кепілдік беріледі.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Алматы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Адвокат Қазақстан Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы